Новости

Оралбай Әбдікәрімов: Жеті қазынамызға жанашыр болайық

Оралбай Әбдікәрімов: Жеті қазынамызға жанашыр болайық

Бурабайдың баурайында тәуелсіздік мерекесі күніне және атақты бүркітші Мәсіп Батырхановты еске алуға арналған «Қансонар-2018» халықаралық турнирі өткізілген болатын. Екі күн бойы зеңгір көкте қыран қалықтап, жалпақ жонда жүйрік тазы жүйткіп, адам айтқысыз қызық-думанға бөленді. Жеті мемлекеттің өкілі тамсана таңырқаған осы шарада жеті қазынамыздың жанашыры болып жүрген «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестігі мен аңшылық-шаруашылығы субъектілері республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлымен жолығып, тілдескен болатынбыз.

– Оралбай Әбді­кәрімұлы, алдымен қазақ­тың төбеті мен тазы­сының талайлы тағ­дыры, бүгіні мен бо­ла­ша­ғы туралы сөз са­бақ­та­сақ деп едік. Бүгінгі күні қа­зақы иттердің саны азайып,­ бағ­зы замандағы бек­зат тұ­қы­мының азып ке­туі алаң­даушылық туғы­зып отыр­ғаны рас қой. − Иә, тіпті дабыл қағар­лық деңгейде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларынан кейін біз біраздан бері қаузап келе жатқан өзекті мәселенің өңіне қан жүгірер деген үмітіміз мол. Кешегі кеңес заманында ұлттық байлығымыздың, ба­баларымыздан қалған мол мұраның ысырап болғаны да рас. Соның кесірінен дала қадірін, дарқан далада тіршілік құрған жылқымыз бен жеті қазынаның бірі санатындағы – итімізді, яки, маң төбетіміз бен жүйрік тазымызды біржола ұмытуға таяу қалдық. Ен даланы жайлаған аруақты ата-бабаның қолғанаты болған, малын баққан, қотанын күзет­кен, саятшылық салтанатын елден ерек еткен маң төбет пен жүйрік тазының тұқымы тұздай құрып кетуге аз қалды. Ұлы даланың ұлағатын, оның қайталанбас ғажайып, керемет көріністерін, сол да­ла­дағы дана халқымызбен бірге жасасқан ұлттық баға жеткізгісіз байлығымыз туралы Елбасы өте дөп айтып отыр. Қазір кез келген дүниенің көзі жабылып, керегесінің сөгілуін кеңес өкіметіне жаба беретін әдет бар ғой. Бірақ жылқының басына төнген нәубет пен қа­зақы иттің қабырғасын қау­сат­қан кесапат сол заманда орын алғандығын нақты деректермен айғақтауға болады.

 − Қазақы төбет пен тазы­ның кереметтігін, жеті қазы­на­ның қасиетін ата-баба­ларымыз ғана емес, шетел­дік­­­тер де жете таныған емес пе?

 − Орта ғасырда өмір сүрген италиялық жиһанкез Марко Поло ұшы-қиыры жоқ ен далада ит жүгіртіп, құс салған ата-бабаларымыздың тылсымы мол, тамаша өнеріне әб­ден тәнті болған. Әсіресе жүйрік иттер туралы жеріне жеткізе жазғанын барша жұрт біледі. Сол жел жетпес жүйрік иттеріңіз қазақы тазылар ғой. Ал академик А.Слудский 30-жылдардың соңына таман қазақ даласында шамамен төрт мыңнан астам тазы болғандығын тайға таңба бас­қандай етіп жазады. Ұлт басына төнген нәубет ықылым заманнан бері ата-бабамызға серік болған төбет пен тазының басына да төнді. Ит түгілі игі жақ­сыларымыздан да айырылып қалған жоқпыз ба? «Балапан басына, тұрымтай тұсына» ыдырай бір күндік жарық сәуле үшін ел бел асып кеткенде, оны ойлайтын шама болды ма? Міне, біздің ұлттық құндылықтарымыздың уысымыздан шығып кеткен тұсы осы кез. Егер олай болмаған күнде төрт мың тазыдан өр­біген тұқым қайда?! Жоқ қой! Ақ қашып, қызыл қуған үр­кіншілік заманда үдере көш­кен елмен бірге, елдің ал­дындағы малға ілесіп шетелге ауып кетті. Адамның асы­­лы, төрт түліктің тәуірі, ақтылы малға абай болатын алмас азулы төбет те. Жұртта қалған итке ешкім көңіл аудармады. Шабатасын сүйрете келгендердің қол басындай қанденімен ылыққан тұқым оңа ма?

− Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

 −Біз аңшылық туралы заң­да таза қанды иттерді ірік­теп, тұқымын жақсартып, кө­бейту туралы мәселені қолға алдық. Шынын айту керек, оған дейін қазақ төбет мұндай қамқорлықтан қағыс қалып келді. Алдымен, ит тұқымын, оның стандартын анықтау керек болды. Бұл ұлан-ғайыр жұмыс болатын. Кәдімгі бір­ шө­меле шөптен инені іздеген­дей, машақаты көп шаруа. Бірнеше өңірге арнайы экспедиция ұйымдастырдық. Осының тұрқы төбетке келеді-ау деген 600-ге жуық ит жиналды. Соншама иттің тек алпысы ғана таза тұқымды төбет болып шықты. Қалғандары будандасқан, тегі басқа, тұ­қымы күмәнді иттер. Көзі көр­­­­­ген куәгерлердің сипаттауын­ша, қазақтың маң төбетінің тұрқы ересен ірі, терісі мықты, жүні арасына ине өтпестей қалың болып келеді. Бет алды адамға үрмейді, қабамын деп ұмтылуды білмейді. Ал ба­ла-шағаға тіптен мейірбан. Со­лай бола тұра мал ішіне пиғылы жат, суық қолды сұға­нақтарды өлсе кіргізбейді. Тө­беттің маңдайына жазылған дүние де мал бағу, қотанды күзету, жеті атасынан бері осы жауапкершіліктің жүгін қия баспай атқарған. Бағзы за­манда маң төбеттер үйшік дегенді білмеген. Арқаның атан түйенің өзін алып жыға­тын, түкірген түкірігің жерге мұз болып түсетін ақырған аяз­дарында қотан күзетіп, қар үстінде жатқан. Яғни қазақ даласының табиғатымен бірге жаратылып, бар қиыншы­лы­ғына көн­дігіп өскен ит. Ыс­тық­қа да, суық­қа да, аштыққа да төзімді. Кей­біреуінің сал­мағы жүз килодан да асып жы­ғы­лады. Ал жуан өңештен құмығып шы­ғатын қаһарлы дауысы жеті қырдың астынан естіліп жатады. Қанша жерден айлалы, азулы болса да  қасқыр атаулы қазақы төбет жатқан қотанға ене алмайды. Міне, бағзы заманда ұлтымыздың ырысына қорған болған төл иттеріміздің тағдыры дәл осылай сабақталады.

– Енді осы мәселенің қиын­ түйінін шешіп, қалай жаң­­­­­ғыр­­туға болады? Ол үшін нақ­­ты не істеуіміз керек?

 – Кез келген мәселені қаржы шешетіндігі белгілі. Мен осы мәселені көтеріп Президент Әкімшілігі Басшысының орын­­­­­басарына, Ауыл шаруа­шы­­­­лы­ғы министрлігіне ар­найы хат жаздым. Егер бағ­дарлама қабылданып, қолдау тапса, алдымен төбет пен та­зы­ның гендік қорын қалып­тастыруды қолға алар едік және бұл мәселе бұрынғы қа­за­қы ұғыммен қабыстырыла оты­рылып ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы қолға алынар еді. Асыл тұқымды ит­­тердің таза тұқымын сұ­рып­тап, генетикалық тұрғыдан топ­тас­тырсақ қана іс оңға басады. Қазіргі күні жер-жердегі ит жа­нашырлары ұстап отырған таза қазақ­ы төбеттер белгілі. Бірақ, көп емес, сұрыптау арқы­лы ең үздіктерінен тұқым алып, санын көбейту керек. Ертеректе Ауыл шаруашы­лы­ғы министрлігінің бұйры­ғымен қазақы төбеттің бол­мыс-бітімін екшейтін стандарт енгізілген болатын. Бұл стандартқа төбеттің бар­­лық болмыс-бітімі кіре­ді. Ол тө­бет­тер арнайы мем­ле­­кет­­тік қорғауға алынады. Қол­­да барды шашыратпай сақ­­­тап қалуымыз керек қой. Ал­ тазылардың стандартын А.Слудс­кий 1958 жылы бе­кіт­кен болатын. Ғалым қы­рық­тан астам тазыға зерттеу жұмыстарын жүргізіп, таза қазақы тазының нақ өзі екен­дігін ғылыми түрде дәлел­деп берген. Қазіргі күні де осы стан­дарт бойынша жұмыс іс­теуі­міз керек.

– Тазының өзін бірнеше түрге бөліп жатпай ма? Со­ның қайсысы таза қазақы та­зы? Осы бір сауалдың ара-­­жігін ажыратып алған дұ­­­рыс шығар.

– Тазы халықтың өткені­не бей­жай қарамайтын аға буын­­ның кез келгеніне таң­сық емес. Мәселен, өзім ба­ла күнімде дегдар тазыны көп көрдім. Сұлулығы қан­дай, болмысы қандай, ал мі­не­зін тіпті сипаттауға сөз жет­­пейді. Таза қанды тазы­ның келбетіне көзің тоймау­шы еді ғой. Шіркіндердің дег­дарлығы сондай, сыпа, тал­ғампаз. Құтты иесінің өз мі­незі тәрізді. Тамақты талғап ішеді, ешқашан аштығын біл­дірмейді. Қазір ғой тегі азған соң бұралқыға айналғаны. Та­за қазақы тазының өзі емес, ша­та, тұқымы азған ит. Қо­ра­дағы тауықтың басып жат­қан жұмыртқасын ұрлап жей­тіндер де солар. Кейбір зерт­теу­шілер қазақ даласында дег­­дар тазының пайда болуын ислам дінімен де байланыстырады. Кейбір дерек көздерінде қазақ даласына дін таратушы миссионерлермен ере келген деген де пікір бар. Мен айтар едім, мынау Солтүстік Қазақстан облысының Айыр­тау ауданындағы Ботай қорға­нынан жылқының сүйегі табылып, ең алғаш тағы жылқыны қазақтың қолға үйреткені жал­пақ жұртқа мәлім болып отыр ғой. Сол жылқымен бірге ит сүйектерінің, яғни маң тө­­бет пен құмай тазының сү­йек­­терінің табылуы қазақы ит тарихының тым тереңде жатқандығын айғақтап отыр­ған жоқ па. Негізінде, қазақ тазыны жарғақ құлақты және ша­шақ құлақты тазы деп екіге бөлген. Тұқымына орай құ­май тазы, дүрегей тазы, қайың­қаптал тазы деп те аталады.­ Осы тазылардың ішінде ал­ғы­ры қайыңқапталы екен. Жүй­ріктігі өз алдына, тұла бо­йын­д­ағы қайраты мен амал-айласының молдығы сондай, қасқырды да ала береді. Жалпы тазылар әр жердің өз ерекшелігіне орай бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, Сібір тазысы, Самарқанд тазысы, Түркістан тазысы деп те аталады. Иттің дене бітімінің қалыптасуына өзі өмір сүрген ортаның табиғаты да әсер етпей қоймайды ғой. Самарқанд тазыларының бойы тым биік емес, әйткенмен, сымбаты сұ­лу болып келсе, Атырау өңі­рінің тазылары шашақ құ­лақ­ты болады. Ал  табиғаты қатал Сібір аймағының тазылары қақпан бел, ұзын мойынды, сүйір табанды, күшті болады. Жаратылысы солай. Осы аймақтардың ерекшелігіне байланысты тазыларды тау тазысы және дала тазысы деп те бөлуге болады. Дала тазы­сының кеудесі мен бөксесі бір­дей. Мұндай тазыларға жыл­дамдық тән. Бірақ сүйе­гі тым жеңіл, өзі өзге тұқым­дастарына қарағанда нәзіктеу. Ілкідегі қазақ тазының мұндай түрлерін ши тазы деп те ата­­ған. Ал тау тазысы бөксе жа­ғы биіктеу, аяғы сіңірлі, мойы­ны әнтек жуан болып қалып­тасады. Егер жүректі болса қас­қырға да ауыз салмақ. Қазір тазы­­лардың шежіресі де жазулы. Генетикалық молекуласы арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, белгілі бір бәтуаға келген.

– Соңғы кезде ел өткеніне ой көзімен қарап, ұлттық құн­­­­­­ды­лықтарымызға назар аударуда. Осы орайда, мемлекет қамқорлығынан бөлек өз ынта-ықыластарымен тө­­­­­бет пен тазы тұқымын кө­­­­­бей­­туге ықылас білдіріп жат­­­­­­қан азаматтар бар ма?

– Бұл әрине, оңай-оспақ шаруа емес. Алдымен, таза қанды итті тауып алудың өзі қыруар қиыншылық тудырады. Тапқан күннің өзінде баладай әлпештеп бағып отырған итің таза тұқым ба, жоқ па, соған көңіл аударған ләзім. Халық білуі үшін біз әр жыл сайын әрбір облыста иттердің көрмесін ұйымдастырудамыз. Сол көрмелерде Ауыл ша­руа­шылығы министрлігі бе­кітк­ен стандарттар бойынша іріктеледі. Ондағы негізгі мақ­­сат қазақы ит тұқымының табиғи қалпын сақтау және қайта оралып сол нобайға келу. Шын мәнінде қазақтың маң төбеті иттің асылы әлемдегі ондыққа кіреді. Осы орайда қызығушылық танытқандарға саятшылық өнерді насихаттайтын «Қансонар» журналын оқып көрулеріне болады. Елорданың іргесіндегі «Жібек жолы» ауылында қазақы төбет пен тазының көрмесін өткіздік. Халықтың қызығушылығы керемет болды. Өткенін сағынбайтын ел болмайды ғой. Тағы бір мәселе  – насихат жұмысы. Ұлтжанды ұландардың санасында сәулесі қалған ақсүйек өнерді қаузай жазып, жеріне жеткізіп айта алсақ, әр қазақ ата-бабасынан бері босағасынан кетпеген өз итіне жанашыр бола алатындығына дау жоқ. Қарап отырсаңыз, кез келген ұлт өзінің ұлттық құндылықтарымен мақ­танады емес пе? Мәселен, ір­ге­дегі түрікмендер өздерінің жыл­қы­сын айтқанда, бөріктері қазан­дай болады. Біз неге сан ғасыр бойы мал баққан, қотан күзет­кен, сейіл-серуен құрған иті­мізді айтып мақтана алмаймыз.

– Соңғы жылдары бәйге тігіп ит төбелестіру деген та­би­ғатымызға жат дағды етек алып бара жатыр. Қаза­қы азу­лы төбеттерді осындай бәсе­кеге қосу, ит бағуды кә­сіп­­ке айналдыру деректері де кездеседі.

 – Бұл өте жағымсыз жай. Рас, қазақтың таудай төбеті кез келген итті қанжоса қылып талары, қалай да жеңіске же­тері даусыз. Бірақ, атам қазақ бұл итті төбелестіру үшін емес, мал-жанын қасқыр­дан қорғау үшін серік еткен. Мамандардың айтуына қа­ра­ғанда, тұқым сапасын, өжеттілігін анықтау үшін сарап­­тама өткізген жөн. Ал ақ­ша үшін төбелестіру ақы­мақ­­тық. Мұндайға ешқа­шан жол бермеу керек. Табиғаттың өзі тәрізді тұнық дүниені лай­лаудың қаншалықты қажеті бар?!

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Байқал БАЙӘДІЛ, «Егемен Қазақстан»
 https://egemen.kz/article/180336-oralbay-abdikarimov-zheti-qazynamyzgha-zhanashyr-bolayyq

Смотр собак в городе Кокшетау

Смотр национальных пород собак тазы и тобет в г. Кокшетау

В г. Кокшетау на ипподроме прошел смотр национальных пород собак тазы и тобет.

Ежегодно проводимый смотр национальных пород собак проводился в соответствии с Положением о племенных смотрах национальных пород собак казахская тазы и тобет Республиканской ассоциации общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства «Кансонар».

В этом году общее количество представленных собак из Акмолинской, Северо-Казахстанской, Карагандинской областей и г. Астаны составило 54, из которых породы тазы -51, породы тобет -3.

Судьей мероприятия выступил эксперт республиканской категории из  г. Петропавловска Алексей Лепегов.

В мероприятии приняли участие Заместитель Акима г. Кокшетау Амренова А.Б., Генеральный директор РАО ОО и СОХ «Кансонар» Мусабаев Х.Ш., Председатель кинологического совета РАО ОО и СОХ «Кансонар» Ахметов К.А., Главный кинолог РАО ОО и СОХ «Кансонар» Назаренко И.А.

 

По итогам смотра определены победители:

 

-в ринге тазы по классам:

 

Класс щенки:

Лучший кобель по кличке Сармат, владелец Дуйсен А. (Зерендинский район);

Лучшая сука - Таскын, владелец Машарупов А. (Зерендинский район);

 

Класс Юниоров:

Лучший кобель  по кличке  Ваджип, владелец  Калашников В., г.Кокшетау.

Лучшая сука - Вада, владелец Калашников В., г.Кокшетау.

 

Класс промежуточный:

Лучший кобель по кличке  Сарыкаска,  владелец Талапұлы Н., Карагандинская область:

Лучшая сука - Баха Бокен, владелец  Калашников В., г.Кокшетау.

 

Класс открытый:

 Лучший кобель по кличке Тамурлан,  владелец   Искиндиров Д., Акмолинская область;

 Лучшая сука - Гуль Бокен, владелец   Калашников В., г.Кокшетау.

 

 

Приз зрительских симпатий получили:

 

Тобет по кличке Аламан,  владелец Жумагулов Б., г.Кокшетау.

Тазы - Тұйғын,  владелец Болат А., Акмолинская область.

 

Победители курсинга по классам:

 

Класс Юниоров (кобели):

1 место – по кличке Ц-Таймас., владелец  Кудайберген М. г.Астана;
2 место -  по кличке Кумарлан,  владелец  Ыскак А. г.Щучинск;

Класс Юниоров (суки):

 

1 место – по кличке Пума 2,  владелец  Каримкожа Е. г.Астана;
2 место -  по кличке  Сарсая, владелец Хамзин Б. СКО;

 

Класс промежуточный (кобели):

 

1 место –по кличке Ушар, владелец Омралиев Н. (Зерендинский район);
2 место - по кличке Тоймас, владелец Искиндиров Д. (Зерендинский район);

3 место-Кумарлан, вл.Уразалин А. Акмолинская обл, (Зерендинский район);

4 место-Коктал, владелец  Ересов Р.

 

Класс промежуточный (суки):

 

1 место – по кличке Сарыкулак., владелец Токауов Е. (Зерендинский район);
2 место - Мойнак, владелец Едрисов Д.;

3 место-Коксая, владелец Хамзин Б.;

4 место-Веста,   владелец   Федусик Г. Акмолинская обл., Красный Яр

 

Класс открытый (кобели):

 

1 место – по кличке Тамурлан.,  владелец   Искиндиров Д.

2 место - Сармат,   владелец      Федусик Г.

3 место - Викинг сарбаз,  владелец    Мазбаев Ж. г.Кокшетау

4 место - Кара құйын,  владелец    Машарупов А.

 

Класс открытый (суки):

 

1 место – по кличке Айза,   владелец    Едрисов Д. (Зерендинский район);

2 место - Найза,    владелец     Жанабеков Б. г.Астана;

3 место - Сарбаз,      владелец      Айтанов Б. Акмолинская обл, Зерендинский район.
                                              

13 декабря 2018 года близ озера Текеколь в Щучинско-Боровской курортной зоне состоялся II Международный турнир охотников с ловчими птицами "Кансонар-2018", посвященный Дню Независимости Республики Казахстан и памяти легендарного охотника-беркутчи этих мест Масипа Батырханулы, в котором приняли участие владельцы собак национальной породы тазы.

В  рамках мероприятия  состоялась показательная охота, где тазы в паре с беркутом добывают лисицу. Турнир завершился проведением курсинга (бега борзых).

 

Победители-призёры курсинга собак национальной породы тазы,

на дистанции 330м:

 

1 место среди кобелей класса промежуток, время забега 22,31сек. – по кличке Ушар, владелец Омралиев Н., (Зерендинский район).

 

1 место среди сук класса промежуток, время забега 19,42сек. - по кличке Мойнак,  владелец Едрисов Д., (Зерендинский  район);

 

1 место среди кобелей открытого класса, время забега 22,78 сек. - по кличке Викинг сарбаз, владелец Мазбаев Ж. (г.Кокшетау).

 

Награждение

Награда за заслуги

 

В Центральном аппарате Республиканской ассоциации общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства «Кансонар» накануне Дня Независимости Республики Казахстан состоялась торжественная церемония, посвященная вручению государственных наград по УказуПрезидента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. от 5 декабря 2018 года «О награждении государственными наградами Республики Казахстан» за заслуги в государственной и общественной деятельности, значительный вклад в социально-экономическое и культурное развитие страны, укрепление дружбы и сотрудничества между народами.

По представлению Республиканской ассоциации общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства «Кансонар» Государственной наградой в честь 27- летия Независимости Казахстана награждены:

- орденом «Құрмет» - председатель кинологического общественного совета РА ООО и СОХ  «Кансонар» Ахметов Канат;

- орденом «Құрмет» - директор ТОО  «Big Dream» Али Абай Марамович;

-Почетной грамотой Республики Казахстан - Исполнительный директор Федерации «ҚЫРАН» Муптекекызы Багдатхан.

Открывая мероприятие Председатель Правления РА ООО и СОХ «Кансонар» Оралбай Абдыкаримов отметил:

- ДеньНезависимости главный праздник государства. Во всех уголках страны в канун этого дня проходят торжества и праздничные события.  Сегодня Елбасы вручает награды гражданам, которые вложили свой личный вклад в развитие и укрепление нашей государственности. В их числе высоких наград удостоились наши коллеги. Это особо важно для нашей ассоциации, и мы гордимся, что наши соратники, которые помогают нам и поддерживают в нашей деятельности получают заслуженные награды.

Мне сегодня выпала большая честь вручить вам от имени Президента нашей страны государственные награды.Я думаю, что та деятельность, которую выполняем мы нужна для общества, для страны, для будущего поколения. Сохранить и приумножить богатство государства — это главная задача. Спасибо за работу надеюсь, что в следующем году мы успешно добьемся тех целей, которые поставили перед собой. Желаю не останавливаться на достигнутом. Стабильности, процветания и здоровья вам и вашим близким-пожелал Оралбай Абдыкаримов.

Также грамотой Ассоциации «Кансонар» за активную деятельность в работе Ассоциации «Кансонар» были награждены ее сотрудники. 

В свою очередь награжденные выразили благодарность за внимание и высокую оценку их деятельности, а также готовность и дальше вносить свой вклад на благо Отечества честным и самоотверженным трудом.

Канат Ахметов выразив благодарность за награду отметил, что каждый человек готов к встрече с прекрасным.

-Но увидеть плоды своего труда и быть признанным обществом это особое необъяснимое чувство-поделился он.

Об ассоциации

Уважаемые коллеги – охотпользователи, охотники, сотрудники природоохранных организаций!

В марте 2018 года у нашей Ассоциации «Кансонар» малый юбилей. Исполнилось пять лет, как наша Ассоциация общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства «Кансонар» приступила к выполнению функции, возложенных на неё Законом «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира». Государственной финансовой поддержки мы не имели, как в момент нашего становления, так и в весь период нашего существования. Но благодаря бескорыстной поддержки Казохотрыболовсоюза и региональных обществ охотников и рыболовов, нам удалось на начальном этапе создать региональные Представительства нашей Ассоциации. Спасибо председателю правления Казохотрыболовсоюза и всем председателям обществ охотников и рыболовов, поддержавших нас.

Карта проезда